10
June
2021
Бала еңбегін қанауға жол жоқ
Донда Сенбин мектебінде маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн тақырыптағы дәрістер, дөңгелек үстелдер, пікір таластар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда.