Бракераж комиссясының анықтамасы
Донда Сенбин атындағы орта мектебінде тамақтану сапасына маниторинг жүргізу қортындысы туралы
АНЫҚТАМА
Тамақтану сапасына маниторинг жүргізу қортындысы туралы директор жанындағы кеңеске дайындаған Қамқорлық кеңесінің жоспары бойынша мектеп асханасының тамақтану мәзірі мен санитарлық жағдайын қадағалау мен тексеріс қорытындысы.
Мақсаты: мектеп асханасының мәзірі мен тамақтардың дайындалу сапасы мен тазалықтың сақталуын қадағалау
Қамқорлық кеңесінің қадағалауы мен тексеріс барысында төмендегідей жағдайлар анықталды.
2 тоқсан бойынша 8,14,22,27 –ші желтоқсан күндері бракераж комиссиясы мүшелері тарапынан тексеріс өтті. Мектепте тегін тамақпен қамтылған 36 оқушы бар. Бұл тізімде аз қамтылған жағдайы төмен оқушылар, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны 23, бастауыштан 13 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен жұмыс жасайды. Асханада І кезеңңде ІІ паток, ІІ-кезең ІІ паток болып екіге бөлінеді.
Мектептегі ыстық тамақпен қамтылған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларының және жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін 36 оқушылардың тамақтануы, асхананың талапқа сай жұмыс жасауын және балаларға берілетін тамақтардың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды мектеп директоры, қамқоршылық кеңес төрағасы, ата-аналар комитетінің өкілдері, мектеп медбикесі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан құрылған комиссия құрамы «Дайын тамақтың сапасына бақылау» (бракераж) журналының толтырылуына да тексеру жүргізіліп отыр. Тексеріс барысында асхана толық ас мәзірі арқылы жұмыс атқарды.Ыстық тамақ ас мәзірі бойынша берілген. Тексеріс барысында талапқа сай ас мәзірі берілді. Дастархан оқушыларға толықтай жайылған.
8.12.2023ж ІІ-ші аптаның жұма күнгі ас мәзірінде 1-Сиыр етінен гулящ — 40\80гр 2-Гарнир: пісірілген макарон-100гр
3- Бал -20гр
4-шәй - 0гр
5-Нан 35гр
14.12.2023ж ІІІ-ші аптаның бейсенбі күнгі ас мәзірінде 1-Қаймақ қосылған тұшпара сорпасы — 130\75\5гр 2-Алма -1гшт 3-Печене -20гр
4-шәй - 200гр
5-Нан 35гр
22.12.2023ж VІ-ші аптаның бейсенбі күнгі ас мәзірінде 1-Сиыр етінен гулящ — 40\80гр 2-Гарнир: пісірілген макарон-100гр 3- Бал -20гр
4-шәй - 0гр
5-Нан 35гр
27.12.2023ж І-ші аптаның cәрсенбі күнгі ас мәзірінде 1-Сиыр етінен котлет — 60гр 2-Гарнир: қарақұмық тұздығымен-100гр 3- Көкөністен салат -50гр
4-Шырын - 150гр
5-Нан 35гр
Ескертулері асхана қызметкерлеріне айтылды. Тамақтану мен тамақ пісіру орны талапқа сай, тазалық жасалынып,дезинфекцияланады. Schoolchildren берілетін тағамдар сапасы мөлшерге сай ас мәзірі бойынша үнемі өзгеріп отырады.
Оқушылар сүзгіден өткен тазартылған су тұтынады. Мектеп асханасының санитарлық талаптарының, залалсыздандыру жұмыстарының толық тиісті дәрежеде жүргізілуіне және асхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасын сақтауы да уақытылы қадағаланып тұрады. Асханада 1 адам жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, May, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілді. Оқушылар асханаға қойылған кесте бойынша асханаға келеді. Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.
Мектеп асханасының кестесіне сай кезекшілік атқарылады. Мектеп әкімшілігі кезекшілік белгіленген уақытта кесте бойынша кезекшілік атқарылады.
Мектеп медбикесі таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп отырады және арнайы бракераж журналына жазады.
Бракераждық комиссиямен тексеру кезінде мектеп асханасында тыйым салынған тағамдардың (шұжық өнімдерін, шұжықшалар мен құрамында табиғи бояғыштар,консерванттар , хош иістендіргіштер, дәмді күшейткіштер, тәттілендіргіштер бар өзге де өнімдерге) мектеп асханасында қазірге таңға дейін анықталған жоқ. Асханада тыйым салынған тағамдар тізімі бар.
• Тамақ мәзірі бойынша барлық талаптар сақталған.
• Аспазшылардың медициналық тексерістен өткен кітапшалары бар.
• Тамақтанатын ыдыстар таза, ыдыс жуатын орындар талапқа сай орнатылған.
• Тамақтың дайындалуына жауапты адамдардың арнайы білімдері бар.
• Тамақтарды сақтау бойынша арнайы тоңазытқыштар мен жеке қойма орындардың бар екені анықталды.
• Алынған тағамдардың барлығының сақталу мерзімі көрсетілген.
Ұсыныс:
1.Мектеп асханасындағы тамақтың сапасы және тазалық жағдайының тексерілуі жалғастырылсын.
2. Күнделікті дайын тамақтың сапасын бақылау комиссиясының жұмысы ары қарай жалғасын тапсын.
3. Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың уақытында келіп тамақтануын және тамақты тауысып ішулерін қадағалау сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
4. Сынып жетекшілер асханада оқушыларды өзін қалай ұстау керек туралы сынып сағаттарын өткізу туралы ұсыныс.
Анықтама дайындаған: Р.Мусаева