01
сентябрь
2020
Қойшыбаев Саят Нұржанұлы
Қойшыбаев Саят Нұржанұлы Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 1998 жылы Алматы технологиялық институтының «Нан, макарон және кондитер технологиясы» мамандығын, 2008 жылы Орталық Азия университетінің «Мұнай газ ісі» мамандығын бітірген. 2002-2006жж – Жамбыл политехникалық колледжі, өндірістік оқыту шебері. 2006-2014жж - Жамбыл политехникалық колледжі, арнайы пән оқытушысы 2014-2015жж - Жамбыл политехникалық колледжі, бөлім меңгерушісі 2015-2016жж - Жамбыл политехникалық колледжі, директордың оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы жөніндегі орынбасары 2016 жылдан бастап Жамбыл политехникалық жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 2015 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласында қол жеткізген үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісімен марапатталды.