Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбыл облысы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 5-06-66
Есепші бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2020

Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы

Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы
Мектепті бітірген жылы: 1983
Өмірбаян Сәуле Стаханшылқызы Жанпейісова 14 тамыз 1966 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Сарысу ауданының Құрметті азаматы. 1983-1985 жж аралығында Республикалық эстрада-цирк өнері студиясында Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің класы бойынша білім алды. 1985 жылы Қазақконцерт бірлестігінде әнші-солист болып, еңбек жолын бастады. 1986-1991 жылдар аралығында туған ауылындағы Д.Сембин атындағы орта мектепте мұғалім болды. 1991 - 2000 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасында оқытушылық қызмет атқарды. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 1997 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық аспаптары факультетін «әнші, домбырашы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2000-2004 жж аралығында Атырау қаласындағы Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясында басшылық қызметте болды. 2004-2012 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Халық әні кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. 2012-2015 жылдары Жамбыл облыстық филармониясының директоры қызметін атқарды. 2016 жылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан жеке «Аманат» өнер орталығын ашты. 2020 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасының доценті қызметінде. Гастрольдік сапарлары: Сәуле Жанпейісова өнер сапарымен еліміздің түкпір-түкпірінде, сонымен бірге көптеген шет мемлекеттерде болып қайтты. Атап айтқанда, Франция, Голландия, Норвегия, Германия, Бельгия, Түркия, ҚХР, Монғолия, Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, т.б. Жеке концерттері: 1995 жылы «Айнамкөз» жеке шығармашылық кеші. Ғалымдар Үйі, Алматы қаласы; 1995 жылы Германияның Бронденбург қаласында, Бельгия Радиосында, Голландия телевидениесінде жеке концертін берді. 1998 жылы «Батыс Қазақстан әншілік мектебі» Орталық концерт залы, Алматы қаласы; 2004 жылы «Арулар – асыл жандар», «Армысың, әз Наурыз», «Ақжайық - Атамекенім», Атырау қаласы; 2005 жылы «Ән - Аманат» Абай атындағы академиялық опера және балет театры, Алматы қаласы; 2006 жылы «Замана бұлбұлдары», А.Жұбановтың туғанына 100 жыл толуына арналған. Ғалымдар Үйі, Алматы қаласы; 2006 жылы «Кейінгі ұрпақтарым есіне алар», Мұхит Мералыұлының туғанына 165 жыл толуына орай. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы. Камералық зал. 2009 жылы «Шырқа даусым, шарықта!..». Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай, М.Әуезов атындағы академиялық Қазақ драма театры, Алматы қаласы. 2011 жылы «Сәуле - сарын». М.Әуезов атындағы академиялық Қазақ драма театры, Алматы қаласы. 2013 жылы «Мен қашанғы жүйрігің». «Қазақстан» орталық концерт залы, Астана қаласы. 2016 жылы «Әнім саған АМАНАТ». Республика сарайы. Алматы қаласы. 2010 жылы «Қазақ прозасындағы әнші-ақындар бейнесі» тақырыбында кандидаттық ғылыми диссертациясын қорғады. Көптеген ғылыми-танымдық мақалалардың және «Әуен-сыр» атты кітаптың авторы. 2006 жылы ұлттық телеарнада авторлық «Бұл әнді білесіз бе?» тележобасында жүргізуші ретінде жаңа қырымен танылды. 2014 жылы Жамбыл облыстық телеарнасында «Қос ішек» атты авторлық танымдық-музыкалық бағдарламасын жүргізіп, көпшілік көңілінен орын алды. 2019 жылы Қазақ Радиосының Шалқар арнасында өзі ұйымдастырған «AMANAT music» Халықаралық сайысының жеңімпаздарына арналған «Аманат» авторлық музыкалық бағдарламасын жүргізіп, жас өнерпаздардың алғаш тұсауын кесуге септігін тигізді. 2017, 2019 жылдары өзі құрған «Аманат» өнер орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестивалін өткізді. Фестивальге Венгрия, Түркия, Қырғызстан, Якутия, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия т.б. мемлекеттермен қатар Республикамыз бойынша 1000-нан аса жас таланттар қатысып, бақтарын сынады. Әр жылдардағы өткен фестивальдің Гала-когнцерті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Алматы» телеарнасына түсіріліп, эфир арқылы халыққа көрсетілді. 2020 жылы Covid-2019 карантин мерзімі кезінде әлеуметтік желілер арқылы «Халық әндері, Терме-толғаулар, Махамбет, Мұхит, Абай, Шәмші Қалдаяқов, Илья Жақанов», т.б. композиторлар мен өзінің авторлық әндері бойынша 20 онлайн-концертін өткізді. 2020 жылдың маусым айында Дүние жүзі қазақтарына арналған онлайн-сабақтар берді. Онлайн-сабақтарға АҚШ, Швеция, Германия, Дания, Беларус, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Иран, т.б. көптеген мемлекеттерде тұратын 50-ге жуық домбыра үйренушілер қатысты. Сазгерлігі: 50-ге жуық әндердің авторы. Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Ұлықбек Есдәулетов, Кәкімбек Салықов, Бауыржан Үсенов, Серік Томанов, Тынышбай Рақым, Маралтай Райымбекұлы, Бауыржан Жақып, Ақұштап Бақтыгереева, Гүлзада Ниетқалиева, Маржан Ершу, Дариға Мұштанова, Талғат Талапұлы, Ерлан Жүніс, т.б. ақындардың сөзіне әндер жазды. Сонымен қатар, А.Бекбосынның аудармасымен орыс классик ақындары С.Есениннің «Еске алу», «Айлы кеш», А.Пушкиннің «Қара шәлі» өлеңдеріне ән шығарды. Әндер тізімі: Мұқағали Мақатаев: «Япыр-ай», «Бала ғашық». Төлеген Айбергенов: «Сағыныш», «Ақ жаңбырлар», «Ақ қайыңдар», «Ортаңа келді өз балаң», «Ақ Жайық»; Маралтай Райымбекұлы: «Айнамкөз», «Жас ғасыр, жаңа замана», «Игілік», «Мәңгілік ел», «Алатау» Тынышбай Рақым «Қаратау» Бауыржан Үсенов «Шағала - арман», «Сөзбен тартылған шертпе күй» Ұлықбек Есдәулетов «Ұзатқанда», «Тау самалы» Ерлан Жүніс «Көк нөсер», «Ақын-пойыз» Ақұштап Бақтыгереева «Кіммін мен?» Гүлзада Ниетқалиева «Жан әке», «Фариза – жыр биік» Кәкімбек Салықов «Симфония өнерінің атасы» Бауыржан Жақып «Тұғыр» Серік Томанов «Қайран өлең» Талғат Талапұлы «Сәуле - сарын» Маржан Ершу «Рысхан – ырысым-ай» Дариға Мұштанова «Қызым менің» т.б. 2013 жылы 4 дисктен тұратын «Сәуле - сарын» атты ән жинағы жарық көрді. Оның ішінде, 1-дискте Мұхит Мералыұлының әндері, 2-дискте Илья Жақановтың әндері, 3-дискте «Гәкку» атты фольклорлық, эстрадалық әндер жинағы топтастырылса, 4-дискте Сәуле Жанпейісованың өзі шығарған 17 әні енгізілді. Сәуле Жанпейісованың әндерін орындаушылар: Өмірқұл Айниязов, Еркін Шүкіман, Ғалымжан Жолдасбай, Гүлмира Сарина, Қадырғали Көбентай, Ершат Қайырхан, «Шарапат» этно-рок тобы, Эльмира Дәуренбекова, Бахыт Шағырбаев, «Тараз» триосы, т.б. Шәкірттері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Эльмира Жаңабергенова, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Айгүл Елшібаева, Қарақат Әбілдина, Тамара Асар Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығы мен Жастар Одағы сыйлығының лауреаттары: Берік Жүсіпов, Өмірқұл Айниязов Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Айгүл Махашова, Арнұр Көшенеев, Елдос Еміл, Пахаман Құттымұратов, Ақмарал Ерімбетова, Ырысты Сүлейменова, Ғалымжан Жолдасбай, Эльза Қарабалина, Венера Қаржаубаева, Күнқожа Қайруллаев, Жанқожа Аяпов, Фархат Оразов, Гүлмарс Аманбаева, Сәбит Шектібаев, т.б.

Похожие публикации:

30 сентябрь 2020 Сазабеков Байдәулет