Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов педагогикалық ұжым мүшелерімен кездесу өткізді. » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданының білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Есепші бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов педагогикалық ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.
22
ноябрь
2024

Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов педагогикалық ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.

2024 жылдың 22 қараша күні    Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы    Ж.Жарықбасов педагогикалық ұжым мүшелерімен кездесу өткізді.
                                                 Күн тәртібінде:
1.Мектепішілік бақылау мен басқару, білім сапасы,ҰБТ көрсеткіші мен жеткен жетістіктері.     Хабарламашы: Д.Б.Бесимбаева 
2. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» іске асырылуы.            Хабарламашы: Д.Б.Бесимбаева 
3.Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдану және парақшаларына талдау жүргізу, психологиясына диагностика жүргізу.                         Хабарламашы: Э.Т.Асанова
 4. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың , жыныстық тиіспеушіліктің,ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары. Хабарламашы: А.С.Маханбетова
 Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Д.Бесимбаева сөз алды: - «Оқу- тәрбие жұмысын үйлестіру барысы» тақырыбында  хабарлама жасады.Хабарлама барысында мектеп туралы жалпы мәлімет,мұғалімдердің сандық сапалық құрамы,мектеп контингенті туралы және мектептің шығармашылық тақырыбымен таныстырылды. Білім сапсы, ҰБТ қорытындысы, «Алтын белгі» төсбелгі иегерлері мен, үздік аттестат иегерлерін үш жылдық талдауын салыстырмалы түрде айтып өтті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен білім сапасын арттыру мақсатында алынған  тәуелсіз тест нәтижесін 1 –оқу тоқсанының білім сапасымен салыстырды.
    « Оқыту   сапсын арттыруда мектепішілік бақылауды тиімді жүргізу» тақырыбында мектепішілік бақылау мен басқарудың өткізілген жұмыстарына тоқтам жасады. Мектеп ұжымының педагогтары мен оқушыларының жетістіктері туралы ,жыл қорытындысы ретінде «Мектеп рейтингісі» мектеп ұжымының жеткен жетістіктерімен таныстырды. Сөз соңында: алдағы уақытта білім алушылардың академиялық адалдығын, дамыта отырып , білім беруді жақсарту үшін жасанды интелектіні қолдану, үлгерімі төмен білім алушылармен сапалы жұмыс жүргізе отырып, оқу процесінің сапасы мен қолжетімдігіне күш салатындығын айтты. 
    2.Д.Бесимбаева екінші мәселе бойынша «Ұлттық құндылыққа негізделген тәрбие» тақырыбында баяндама жасады. Онда әр айдағы күнделікті және апта сайынғы өткізілетін іс шаралармен  таныстырды.Сонымен қатар  әлеуметтік жобалар  ішіндегі «Қамқор жобасы», «Еңбегі адал-жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы», «Балалар кітапханасы» жобаларының атқарылған жұмыстарымен  таныстырды.  Сонымен  қатар  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау»  орталығы мен «Даналық мектебінің» жұмыстарын ашып көрсете білді.                                                                                               
     3. Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы Э.Асанова « Білім алушылардың әлеуметтік желіні қолдануына және парақшаларына жүргізген талдауға тоқталып ,  психологиялық диогностика жүргізу барысында алынған сауалнамалар бойынша мәлімдеме жасады.
      4.Келесі мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Маханбетова «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың жыныстық тиіспеушіліктің буллингтің, бала қауіпсіздігінің»  алдын алуда мектепте атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.
 Кездесу соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов мектептің  әкімшлік құрамына сұрақтар қойып, тиісті тапсырмалар беріп,педагогикалық ұжым мүшелернің алдағы атқарылған жұмыстарына табыс пен сәттілік тіледі.