"Жас Ұлан " ұйымының жұмыстарының І тоқсанындағы есебі » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбыл облысы
Cарысу ауданы білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 5-06-66
Есепші бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас Ұлан " ұйымының жұмыстарының І тоқсанындағы есебі
29
октябрь
2019

"Жас Ұлан " ұйымының жұмыстарының І тоқсанындағы есебі

 

 

Донда Сенбин атындағы  орта мектебі "Жас Ұлан ” балалар мен жасөспірімдер ұйымының І-ші  тоқсанда  атқарылған жұмыстар туралы

мәлімет.

 

 

«Бірыңғай» «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  Республикалық қоғамдық бірлестігі негізінде құрылңан мектептегі Жас ұлан ұйымы 2019-2020 оқу  оқу жылында жұмысы   жоспарын жасады . Жоспар  өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық. Білім  мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына,  Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруды көздейтін іс- шаралар негізінде құралды.

Жас ұрпақтың тәрбиесіне қойылатын жаңа заман талабы ол өз Отанын сүйіп және құрметтейтін өзара қарым- қатынас жасай білетін, өзің-өзі  жетілдіру арқылы өмірлік мақсатына және алатын, адамгершілік құндылықтарды қасиеттерін, жеке қызығыушылықтары мен  қажеттіліктерін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін жас жеткіншекті қалыптастыру үшін     7 жоба бойынша барлығына ортақ бағдарламаға біріктірілген.

Қыркүйек айында төмендегі мектеп оқушыларынан "Жас ұлан” ұйымының белсенділері тағайындалып , олардың оқу жылында жүргізетін жұмыстары туралы түсініктер беріледі.

 

       Қыркүйектің бірі күні  мектебімізде «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты мерекелік  жиыны  өткізілді. Мерекелік жиынға атаналар, ұстаздар, оқушылар сонымен қатар әкімшіліктен және білім  бөлімінен келген қонақтар қатысты. Мектеп директоры Е.М.жантенов жаңа оқу жылымен ұстаздар мен оқушыларды құттықтап ақ жол тіледі. Ата – аналар да сөз алып оқушыларды, ұстаздарды құттықтап жақсы тілектер мен лебіздер білдірді .

 

 

 

 

         Қыркүйектің үші  күні  мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының 2018-2019 оқу жылындағы жоспарын құру мақсатын да «Жас Ұлан» ұйымының  отырысы болды. Отырыста түрлі мәселелер айтылып оқушылар жаңа оқу жылының жоспарларымен    танысты .

                                                                   

Қыркүйектің алтысы  күні  «Жас Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы туралы ережеге сәйкес «Ұланбасын» сайлау өтті .Сайлауға үш үміткер қатысты. Жамбылова Динара 9-сынып оқушысы, Дүйсенбекова Қарақат 10-сынып оқушысы, Стаханшылова Жеңісай  10-сынып оқушысы. Осы аталған оқушылар дауысқа түсіп 65% бен 9-сынып оқушысы Жамбылова Динара  сайланды. Сайлау әділ өтті.

  

     Қыркүйектің алтысы  күні мектебімізде «Жас Ұлан»ұйымының отырысы болды . Отырыста «Жас Ұлан» «Жас Қыран» белсенділерін тағйындады. Жеті бағытқа жеті басшы тағайындап  тапсырмалар беріліп, жоспарларымен танысты. Әр бағыт басшылары  жоспарға сай жұмыстарын бөліп алды.

                             

 

Қыркүйек айының   жетісі  күні отбасы күніне байланысты "8-қыркүйек-Отбасы күні” «Менің отбасым» атты мерекелік кеш  ұйымдастырылды. Кеште отбасы туралы нақыл сөздер мақал мәтелдер арқылы дүние таным отбасын құрметтеу барысында Жасұландықтар  отбасы туралы шығармалар, өлеңдер оқыды. Кеште Мейрамбай Шахназ  өз отбасының суреттерін жинақтап, олар мен таныстырып, отбасына шығарған өлеңін оқып берді.  Отбасы туралы түрлі суреттер салынып, ойындар ойнатылды.

   

 

Қыркүйек айының  оны  күні  «Тіл достықтың айнасы атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді . Бұл іс-шарада  тілге байланысты пікір таластар болды  және тілге байланысты біраз матириалдар жинақтап келген . Екі топқа бөлініп мақал мәтелдер айтып жарысты, тілге байланысты қысқа өлеңдер шумақтарымен танысты.

 

         

 

 

 

Қыркүйек  айының он төрті  күні   «Жас ұландықтардың» ұйымдастыруымен  « Болашақ үшін игілікті іс жаса!» атты тазалық акйиясы өткізілді. Акцияға жоғарғы сынып оқушылары түгел атсалысты.  Ауыл көшелерінде және мектеп  бағы мен  мектеп аулусына тазалық жұмыстарын жүргізу үшін «Жасұландықтар»  екі топқа бөлініп жұмыс атқарды. Бірінші топ: 9,10,11 сыныптар мектеп бағын тазартып, қураған жеміс талдарды кесіп, орнына жаңадан ағаштар отырғызды.

 Бақтың ішін қоқыстан тазартып,  шарбақтарын түзетіп, қураған бұтақтарын  аралап  шықты. Мектеп алдындағы гүлзарларды  тазартып , мектеп ауласын сыпырып шықты. 7,8-сынып оқушыларына Абай көшесін тазалау тапсырылып, өз міндеттерін ойдағыдай аптқарып шықты. Көше бойындағы көңдерді, жапырақтарды, қағаз қалдықтарын тазалап, көше тұрғындарындары ризашылығына білдірді.

 

 

          Қазан айының бесі күні  мектебімізде қазан айының төрті  күні ұстаздар күніне орай ұйымдастыр-ылған «Ғылым да дана да бас иетін, Ұстазым, асыл ғой қасиетің!» атты мерекелік кеш өтті. Кешке мектебіміздегі Жас Ұландықтардың барлығы атсалысты. Кешке  ардагер ұстаздарымызда шақырылды. Кешті өтудегі мақсатымыз « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп Абай атамыз жырлағандай өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті қажет ететін мамандық ол – ұстаздық мамандығы екендігін оқушы бойына сіңіру.

Кеш барысында оқушыларға ой тасталды. Мектептің басты тұлғасы мұғалім. Олай болса бүгінгі жан-жақты, талапшыл, озық ойлы оқушылардың ұстазы қандай болу керек? Деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа 8 сынып оқушысы Жамбылова Айғаным « Ұстазы жақсының, Ұстамы жақсы» демекші бүгінгі ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эканомика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейтін теориялық жағынан білімді, баланы өзіне тарта алатын ұстаз болуы тиіс – деп жауап берді Жүргізушілер кезекпе кезек ұстаздарға арналған жыр шумақтарын тарту етті. 9-сынып оқушылары Жамбылова Динара, Стаханшылова Жеңісай, Сағындықов Арнұр және Нұржанов Бақтияр би биледі.

Кешке қатысқан қонақтарға сұрақтар қойылды. Серке Қожамқұлов ағамыз былай дейді: « Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» дейді, сіз өзіңізді қалай сезінесіз?

Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістер байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?- деп ұстаздар қауымының ізгі тілектерін білді.Барлық қатысушы балалар ұстаздарға арнап тақпақтар айтты. Кеш өте әсерлі өтті. Кеш соңында оқушылр ұстаздарға бір-бір гүл шоқтарын тарту етті.

 

   

 

Қазан айының  жирма үші күні мектебіміздің Жас ұлан және жасқырандарының қатысуымен   «Кемелді келешекке кемеңгер Елбасымен!» атты тақыа форум өтті. Форумға «Жас ұландықтар»  мен «Жас Қырандықтар » қаысты .

     

Қазан айының  жирма бесі  күні "Алтын күз, Аяулы күз - 2019” байқауы өтті . Байқауға 7-8-9-10 сынып оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру  барысында өткізілді.Байқауда ұмыт қалып бара жатқан салт дәстүрге байланысты сұрақтар құйылды. Оқушылар барлық  шарттарына жақсы дайындалып келген. Оқушыларға мынандай тапсырмалар берілді: Таныстыру, өз өнері, сұрақ - жауап,үй тапсырмасы,  сән үлгісі. Оқушылар екі топқа бөлінді . «Қоңыр  күз»  «Нұрлы  күз» . Сайыс барысында Жоғарғы көрсеткішпен «Несібелі күз» тобы жеңіске жетті. Оқушылар дайындаған, сахнада өздерін ұстауы, жоғары деңгейде болды.