Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !!! » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданының білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Есепші бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2025

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ !!!

Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің барлық елдер үшін оңтайлы бірегей жиынтығы жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әдістер жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып пен дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып отырған аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына да байланысты. Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға қажеттілік барынша айқын болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:
баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;
мемлекеттік органдардың қызметін нақты құқықтық регламенттеуді, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;
жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың зиянды салдарларын жою және олардың алдын алу;