"Құқықтық тәрбие-заман талабы"
Донда Сенбин атындағы орта мектебінде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Құқықтық тәрбие-заман талабы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Д. Ибадильдаева. Сабақ барысында құқықтық тәрбие, оның түрлері туралы оқушыларға түсінік берілді. Құқықтық тәрбие отбасынан басталатындығы, әр адамның өз құқығын жетік білуі керектігі айтылды. Құқық бұзушылықты болдырмау жолдары туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды.