Достық. Отаншылдық. Тәрбие. » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбылская область
Cарысу ауданы білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72634) 5-06-66
Бухгалтерия
+7(72634) 5-06-66
Версия для
слабовидящих
01
сентябрь
2020

Достық. Отаншылдық. Тәрбие.

1 қыркүйек – Білім күнінде
тәрбие сағатына арналған тезистер
Достық. Отаншылдық. Тәрбие.
Құрметті менің жас достарым!
Мен сендерді – Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сендер өте жақсы білесіңдер биылғы оқу жылы өте күрделі кезеңде басталғалы отыр. Оған әлем елдерін жайлаған коронавирус індетінің таралуы негізгі себеп болып болды.
Ал, біздің ұстаздарымыз оқушыларға наурыз айынан бері осы салмағы ауыр індеттен оларды қорғау мақсатында және аман сақтау үшін қашықтан оқыту жүйесінде сабақ беруде. Сол үшін, осындай жағдайларға үлкен түсіністікпен сендердің ата-аналарың мен ұстаздарыңа – рахмет айтамын.
Осы Білім күніне арналған алғашқы тәрбие сағатының – достық, отаншылдық пен тәрбиеге арналуы өте орынды.
Өйткені, осындай асыл қасиеттердің әрбір қазақстандықтардың, оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің бойына сіңіру - бүгінгі күннің алдында тұрған үлкен міндет.
Жалпы, біздің жас мемлекетіміздің түп негізі, мәңгілік ұстанымы – бейбітшілік пен келісімге, бірлік пен тұрақтылыққа бағытталған. Қазақстанда осы қағиданы ұстанған қаншама ұлт өкілдері ауызбіршілікте өмір сүруде. Елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Осы татулық пен бірлік – Тәуелсіз Қазақстанның қысқа мерзімде қарқынды дамуының басты кепілі болғаны бүгінгі күннің ақиқаты.
Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – еліміздің ең басты байлығы. Елімізде бұл құндылықтардың сақталуына айрықша мән берілуде.