Үшқоңыров Төлеу ӘлтенұлыМектепті бітірген жылы: 1956
ҮШҚОҢЫРОВ Төлеу Әлтенұлы 1938 жылы, 7 мамырда Қазақстан Республикасы, Жамбылская область, Сарысу ауданы, Жайылма ауылдық округі, Маятас ауылында дүниеге келген. Т.Үшқоңыров аудан орталығы Жаңатас қаласында аудандық ішкі істер бөлімінде ұзақ жылдар жұмыс жасап, зейнетке шығып, «Қазақстан полициясына – 25 жыл» төсбелгісімен (орден) және Қазақстан Р ІІМ ардагерлік ұйымына 45 жыл» медалімен марапатталған. Т.Үшқоңыров, ақын, сазгер, «Аққуым мөлдір», «Айғаным», «Асыл құрбым», «Қаратау» т.б. көптеген шығармалардың авторы. Сарысу ауданының Құрметті азаматы.