Сарсенбекова Айнур Абаевна » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбылская область
Cарысу ауданы білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72634) 5-06-66
Бухгалтерия
+7(72634) 5-06-66
Версия для
слабовидящих
01
октябрь
2020

Сарсенбекова Айнур Абаевна

Сарсенбекова Айнур Абаевна
Мектепті бітірген жылы: 1994
ӨМІРБАЯН Сарсенбекова Айнур Абаевна Жамбылская область, Сарысу ауданы, Маятас ауылында 1978 жылдың 10 қаңтарында дүиеге келген. 1985 – 1994 жылдар аралығында Маятас ауылында Д.Сенбин атындағы қазақ орта мектебін бітіріп, еңбек жолын 1994-95 жылдар аралығында Д.Сенбин мектебінде, 1995-96 жылдары Жайылма орталау мектебінде, 1996-98 жылдар аралығында «Ұйым» орта мектебінде ән-кдомпәнінен сабақ беруден бастаған. 1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент Сәуле Жанпейісованың класына оқуға түседі. 2002 жылы Қазақ Ұлттық музыка академиясының «Дәстүрлі ән және шертер» кафедрасына ауысып, 2004 жылы «Концерттік орындаушы, ұстаз» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, доцент Ербол Саринның класы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2002-2006 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық музыка академиясының «Қазақ және шет ел музыкасы» кафедрасын «Музыкатану» мамандығы бойынша өнертанушы ғалым Раушан Несіпбаеваның жетекшілігімен үздік дипломға тамамдаған. Еңбек жолын 2003 жылы Астана қалалық №4 қазақ музыка мектебінде мұғалімдік қызметтен бастап, 2004 – 2006 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық музыка академиясы «Қобыз, шертер, дәстүрлі ән» кафедрасында мұғалімдік қызмет атқарған. 2006-2017 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ, Қазақ радиосында түрлі қыметтер арқарған. Атап айтсақ, 2006-2009 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК АҚ, Қазақ радиосы «Музыкалық-көңілашар бағдарламалары» Бас редакциясының «Редактор-жүргізушілігінен» бастап, аталған редакцияның «Жауапты редакторы», «Бас редакторы» қызметтерін атқарған. 2009-2010 жылдар аралығында «Әдеби-сазды бағдарламалар» бірлестігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарса, 2010-2013 жылдар аралығында музыкалық шолушы-редактор, 2014-2017 жылдары қазақ радиосының 1-санатты Продюсері қызметін атқарған. 2017 жылдан қазіргі таңға дейін "ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ" ЖШС-нің "Музыкалық қызмет" жетекшісі қызметінде. 2002 жылғы бесінші «Шабыт» халықаралық фестивалінің дипломанты. Қазақ радиосынның эфиріне 2006-2007 шыққан «Дәстүр және композитор» сараптамалық хабары мен «Ән - домбыра» және «Кдом- шежіре» атты музыкалық сағаттары қазақтың дәстүрлі музыкасын кеңінен насихаттауда үлкен қызмет атқарды 2007-2011 жылдар аралығында шыққан «Әннің де естісі бар...» хабарында қазақ әнінің әралуандығы мен эстетикалық құндылығын насихаттаса, «Өнер адамы» хабарында өнер қайраткерлерінің портреттері сомдап, отандық радиожурналистикаға өз үлесін қосты. 2012-2016 жылдар аралығында Қазақ радиосының "Ұлы дала дауысы" Халықаралық радиофестивалінің Бас продюсері ретінде қазақ орындаушылық мәдениетіндегі үздік орындаушыларды тауып, шет елдік орындаушыларға қазақ тілінде қазақ әнін орындатуға ат салысты. Бүгінгі таңда Қазақ радиосының эфирінде "Көркемдік кеңес" сараптамалық бағдарламасын жүргізіп, "Ән шеру" жұлдыздар лигасында сарапшылық етеді. "Қазақ радиолары" ЖШС жанынан құрылған "Көркемдік кеңес" төрағасының орынбасары.