14
май
2021
Менің отбасым
15 мамыр халықаралық Отбасы күніне отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын,ата -анасын, туған туысын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту мақсатында "Менің отбасым " атты тәрбие сағаты өткізілді.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да бүгінгі мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!