1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбылская область
Cарысу ауданы білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72634) 5-06-66
Бухгалтерия
+7(72634) 5-06-66
Версия для
слабовидящих
» » 1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
29
март
2024

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
2024-2025 оқу жылына оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызда аяқталды.
Балаларды мектепте қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы   564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді.
Барлық балалар, дайындық деңгейіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге ие болады.
Өтінішті ата-аналардан қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады:
1) egov.kz электронды үкімет порталы арқылы
2) қағаз түрінде
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Қажетті құжаттар тізімі:
ата-ананың өтініші;
баланың 3*4 көлеміндегі 2 фото суреті
" Бала денсаулығының паспорты" 052-2/у нысанды анықтама. Денсаулық сақтау министрінің мәліметі бойынша, биылғы жылдан бастап " Бала денсаулығының паспортын" ақылы түрде сатып алудың қажеті жоқ. Баланың денсаулық паспортын баланың тіркелген жері бойынша емханалар мөрі бар анықтама түрінде тегін беретін болады.
Ағымды жылда Оқу- ағарту министрлігімен egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтің бизнес- процесі жаңартылады:
микро учаскеге байланысты автоматты түрде мектепті таңдау қарастырылған.(Білім беру ұйымына қызмет ету аумағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың ( облыстың маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бұйрығымен бекітіледі);.
сынып жинағы автоматты түрде қалыптасады
білім беру ұйымымен келісім-шарт "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта жасалатын болады (бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықтан кейін ата-анаға білім беру ұйымымен отыруға келісім-шарт танысу және қол қою үшін СМС хабарлама келеді. Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымды жылғы 25 тамыздан кейін шығарады). 
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында артық құжаттарды, оның ішінде "Баланың туу туралы куәлігін" талап етуге тыйым салынғанын хабарлаймыз.
Ата-аналардан құжаттар мектептің қызмет көрсету аумағынан алғашқы 3 өтініш берушіден, одан кейін басқа шағын учаскеден 1 өтініш берушіден (3:1 қағидаты бойынша) қабылданады