Мектеп директоры Д.Бесимбаева стандарт жобасындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. » Жамбылская область Сарысуский район Сш Д.Сенбина
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Cарысу ауданының білім бөлімінің
"Донда Сенбин атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Есепші бөлімі:
+7(72634) 5-06-66
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директоры Д.Бесимбаева стандарт жобасындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
25
ноябрь
2024

Мектеп директоры Д.Бесимбаева стандарт жобасындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мектеп директоры Д.Бесимбаева стандарт жобасындағы енгізілген бірқатар өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталмыш іс-шара білім берудегі стандарт талаптарын дұрыс түсініп, оны оқу үрдісіне тиімді енгізуді және оқу процесінің сапасын арттырып, білім беру жүйесінің стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді деген ойдамын.
✅Енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың құрылымы негізгі 5 тараудан тұрады.
🔰1-тарау. Жалпы ережелер.
🔰2-тарау. Білім мазмұнына қойылатын талаптар.
🔰3-тарау. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
🔰4-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар.
🔰5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар.
⚜️Ондағы басты құндылықтар:
✅білім мазмұнын құндылықтарға негіздеу;
✅құзыреттілікке бағдарланған білім беру;
✅оқу жүктемесін оңтайландыру;
✅білім алушылардың кәсіптік бағдарлануы, бейіндік оқытуды күшейту;
✅академиялық еркіндік;
✅академиялық адалдық.
Стандартты қолдану бағыттары оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұнын әзірлеуде, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектепішілік бақылауда, педагогтерді аттестаттауда, бағалауда, қорытынды аттестаттауда, мониторинг жүргізуде орындалу міндетті.
⚜️Тәрбиені күшейту және оның нәтижелерін бағалау, қазақ тілін күшейту, «Алгебра» орнына «Математика» және «Геометрия», «Физика» орнына «Жаратылыстану», «Химия» «Биология» біріктірілген пәндер арқылы стандарттың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу, барлық пәндер бойынша баға қою, мониторинг жүргізу аясында стандарт жобасына толықтырулар енгізілді.
Аталмыш өзгерістер мен толықтырулар уақыттың талабына сай білім беру жүйесінің икемділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сондай-ақ, педагогтерге инновациялық оқыту әдістерін игеруге, оқушылардың қабілеттерін жан-жақты дамытуға, білім беру жүйесін әлемдік сатыға көтеруге мүмкіндік беретін іс болмақ деген ойдамын.