28
январь
2025
Бесимбаева Дина Беклербековна
Бесимбаева Дина Беклербековна 1979 жылы қазан айының 7-сі күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Маятас ауылында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, мамандығы тарих және география пәні мұғалімі. Басшы орынбасары «екінші санат» ,Тарих пәні бойынша педагог-зерттеуші біліктілік санаты бар. 1999 жылы Жамбыл политехникалық колледжін «бухальтер,экономист» мамандығы бойынша дипломмен, 2007 жылы Әулие-Ата университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
1999 жылдың 25 шілдесінен Донда Сенбин атындағы орта мектебінде еңбек жолын еңбек пәні мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдың бірінші қазанынан бастап тарих пәні мұғалімі болып . 2007 жылдың 15 қазан айынан 2017 жылдың қыркүйек айы аралығында әлеуметтік педагог болып қызмет атқарды. 2017 жылы 5 қыркүйегінен 2024 жылдың ақпан айынан мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде аудандық шығармашылық топ мүшесі, аудандық оқушылардың пәндік олимпиадасының комиссия мүшесі.
Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 6 наурыздағы қыркүйектегі №39-Ж/Қ бұйрығымен Донда Сенбин атындағы орта мектебінің директоры қызметін атқаруда.